Бизондардың Қазақстан табиғатына қайта оралуы

Бизондардың Қазақстан табиғатына қайта оралуы

«Green Frontier» бағдарламасының бұл шығарылымы Ұлы даланың ежелгі мекендеушісі – бизондардың Қазақстан табиғатына қайта оралуы мен олардың экожүйедегі рөліне арналған. Сюжетте Солтүстік Америка прериялары мен қазақ степінің табиғи-климаттық ұқсастығы, мыңдаған жылдар бұрын бұл алып жануарлардың еліміз аумағында мекендегенін дәлелдейтін палеонтологиялық деректер мен олардың «экожүйе инженері» ретіндегі биологиялық маңызы баяндалады.

Сонымен қатар, бағдарламада «Бұйратау» және «Қарқаралы» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінде канадтық және белоруссиялық бизондарды жерсіндіру, бейімдеу және популяциясын көбейту бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар көрсетіледі. Материалда жеке инвесторлардың қолдауы, бизондардың әлеуметтік желілерде трендке айналып, отандық және шетелдік эко-туризмнің дамуына серпін беруі және табиғи тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығы кеңінен қамтылған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?