Қ.Тоқаев «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамының төрағасын қабылдады

Қ.Тоқаев «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамының төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлын қабылдады. Мемлекет басшысына қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, қазақша мазмұнды байыту және жаңа технологиялар саласында тілдің қолданыс аясын кеңейту секілді үш негізгі бағыт бойынша жобаларды жүзеге асырыу барысы жөнінде баяндалды. Осы орайда OpenAI компаниясымен бірлескен жоба аясында көлемі 14 млрд токен болатын мәтін корпусы қалыптасып, 12 мың сағат аудиожазба жинақталғаны айтылды. Сонымен қатар соңғы үш жылда оннан астам танымал фильм қазақ тілінде дыбысталып, үлкен экранға шықты.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді үйрету, сондай-ақ ғылыми шығармаларды аудару ісінде жасанды интеллектінің әлеуетін барынша пайдалану маңызды екенін атап өтті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?