«Жарқыраған Ақжан» тарихы аустралиялық Hoofbeats журналында жарияланды

«Жарқыраған Ақжан» тарихы аустралиялық Hoofbeats журналында жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ақжан атты ақалтеке Аустралияның жылқы шаруашылығына арналған Hoofbeats журналының мұқабасына шықты.  Басылымның қазан-қараша айларындағы санында мақала шығып, басты бетіне Ақжан мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірге түскен суреті жарияланды. «Жарқыраған Ақжан» деп аталатын мақалада Президенттің жылқыға деген қызығушылығы, Қазақстанның ұлттық мұрасы мен заманауи елордасының нышанына айналғаны сөз болған. Сирек кездесетін изабелла түсті жылқының ерекшелігіне, ахалтеке тұқымының сымбаттылығы мен төзімділігіне назар аударған. Авторлардың пікірінше, бұл қасиеттер Ұлы даланың рухын айшықтайды. Ақжанның бейнесі бір жылқының тарихымен ғана шектелмейді. Оны тарихи тамырынан ажырамай, қарқынды даму үстіндегі Астананың символы ретінде сипаттайды. «Ұлы дала заманауи қаланың астында жоғалып кетпеді. Тек жарқыраудың жаңа жолын тапты», - деп түйіндейді мақала авторлары.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?