Alatay City роуд-шоуы: 2 млрд доллардан астам сомаға 27 келісімге қол қойылды

Alatay City роуд-шоуы: 2 млрд доллардан астам сомаға 27 келісімге қол қойылды

Alatau City жобасының Еуропа елдеріндегі роуд-шоуы қорытындыланды. Нәтижесінде жалпы құны 2 млрд доллардан асатын 27 коммерциялық құжатқа қол қойылды. Қазақстанның жаңа технологиялық қаласының мүмкіндіктері Лондон, Берлин және Майндағы Франкфурт қалаларында инвесторларға таныстырылды. Германия компанияларымен 700 млн долларлық 18 келісімге қол қойылды. Сапардың соңғы аялдамасы болған Франкфурт қаласында жобаларды банктер арқылы қаржыландыру және неміс жабдықтарын сатып алу мәселелері талқыланды. Ынтымақтастық өнеркәсіп, инженерлік инфрақұрылым, білім беру, медицина, туризм және цифрлық экономика салаларын да қамтиды. Жаңа келісімдер Alatau City жобасына ұзақ мерзімді инвестиция тартуға және заманауи өндіріс орындарын іске қосуға жол ашады.

Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Алатау қаласында инженерлік-сервистік инфрақұрылым құру, медициналық бұйымдар өндірісін ұйымдастыру, активтерді токенизациялау тетіктерін енгізу және инвестициялық кеңес беру қызметін дамыту мәселелері пысықталды. Сондай-ақ Alatau City Bank пен Германияның Deutsche Bank, KfW сияқты қаржы ұйымдары арасында өзара тиімді келісімдерге қол жеткізілді.

Марк Венчик, Aka Bank басқармасының төрағасы, бас атқарушы директоры:

- Ең алдымен, инфрақұрылым құру бағытында үлкен мүмкіндіктер бар. Мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін Германияның қаржыландыру көздерін, мысалы, «Бәйтерек» холдингінің бірлесіп қаржыландыру тетіктерімен ұштастыруға болады. Alatau City ашатын мүмкіндіктер туралы неміс өнеркәсіп өкілдеріне кеңінен ақпарат беруіміз қажет. Бұл, бір жағынан, қаланы дамыту бағдарламасына қажетті жабдықтар мен өнімдерді экспорттауға, екінші жағынан, қала құрылысына инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?