Қазақстан Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысы құрылады

Қазақстан Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысы құрылады

Қазақстан Халық Кеңесі жанынан жастардың өзекті мәселелерін талқылап, тың бастамаларын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін арнайы алаң құрылады. Жаңа қозғалысқа еліміздің барлық өңірінен 130 өкіл қосылмақ. Олар өздерінің ұсыныстарын тікелей жеткізіп, қоғамдық жобаларға қатысады. Бұл бастама Қазақстан Халық Кеңесінің Төғарағасы Ерлан Қошановтың Петрапавлда өткен кездесулері барысында қолдау тапты. Жұмыс «кері тәлімгерлік» қағидатына негізделеді. Яғни жастар, өз идеялары мен шешімдерін ұсына алады. Ал Кеңес оларды жүзеге асыруға қолдау көрсетеді. Ең өзекті бастамалар заңнамалық ұсныстарға ұласуы мүмкін. Кездесуде Мемлекет басшысының реформалары және Жолдауын іске асыруда жастардың рөлі талқыланды. Жаңа қозғалыстың басым бағыттары қатарында жұмыспен қамту, цифрлық дағдыларды дамыту, волонтерлік және әлеуметтік жобалар бар.

Ерлан Қошанов, Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы:

- Президент үнемі «Тек кітап оқитын ұлт қана шын мәнінде зияткерлік ұлтқа айнала алады» деген ойды айтып келеді. Бір қуантарлығы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де осы ұстанымды берік ұстанады. Бірнеше тілді меңгерген, тарихқа, әдебиетке, әлемдік саясатқа қызығады. Үнемі білім көкжиегін кеңейтіп, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Бұл - нағыз көшбасшының тек ел дамуының бағытын айқындап қана қоймай, білімге деген көзқарасы арқылы қоғамға үлгі болатынын көрсетеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?