Астанада аса маңызды металдар орталығында үш зертхана құрылады

Астанада аса маңызды металдар орталығында үш зертхана құрылады

Қазақстанда аса маңызды металдарды зерттеу жөніндегі өңірлік орталық ашылады. Ол Президенттің тапсырмасы бойынша Еуропалық одақтың ғылыми институттарымен бірлесіп құрылады. Құрылыс алаңы анықталып, «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағынан бес гектар жер бөлінді. Орталық үш зертхананы біріктіреді, олардың әрқайсысы өз міндеттерін орындайды. Геохимиялық зертхана кен орындарының құрамы мен әлеуетін зерттейді. Арбитражды зертхана экспортқа жіберілетін шикізаттың сапасын тексереді. Бұл құнды компоненттердің құрамын нақтылап, пайдалы қазбалар тасымалын бақылауды күшейтеді. Үшінші нысан - жаңа технологияларды әзірлеудің ғылыми базасы болмақ. Мамандар шикізатты байытудың тиімді тәсілдерін зерттеп, жаңа қорытпалар жасайды және тәжірибелік-өнеркәсіптік жағдайда перспективті шешімдерді сынақтан өткізеді. Болашақта орталық тек қазақстандық кәсіпорындарға ғана емес, көршілес елдердің компанияларына да қызмет көрсете алады.

Архат Құрманбеков, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің Ұлттық технологиялық болжамдау орталығының департамент директоры:

- Бұл өңірлік орталықты құрудағы мақсат – Орталық Азияда стратегиялық маңызы бар шикізат саласындағы көшбасшылыққа қол жеткізу. Қазір арнайы белгіленген шетелдік компания алдын ала техникалық – экономикалық негіздеме жасауға кіріскен. Оның аясында болашақ нысанның зерттеу жүргізу көлемі мен аса маңызды минералдарды өңдеу қажеттілігіне сай өндірістік қуаттарды талдау қолға алынды. 2027 жылдың басында жұмыстың келесі кезеңіне кірісеміз деген ойымыз бар. Яғни, алдын ала жоспар негізінде толыққанды техникалық – экономикалық негіздеме мен жобалық сметалық құжаттаманы әзірлейміз. 2027–2028 жылдары орталықтың құрылысын толық аяқтап, іске кірісеміз деп үміттенеміз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?