Қазақстанға Оман Сұлтаны мемлекеттік сапармен келді

Қазақстанға Оман Сұлтаны мемлекеттік сапармен келді

Қазақстанға Оман Сұлтаны мемлекеттік сапармен келді. Еліміздің әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан елордаға дейін Хайсам бен Тариқ Әл Саид мінген бортпен қапталдаса ұшты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан күтіп алды. Ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президент оркестрі сап түзеді.

Қарсы алу рәсімінен соң әуежай залында екі ел басшылары аз-кем әңгімелесті. Мемлекет басшысы екіжақты қарым-қатынасты дамыту тұрғысынан Оман Сұлтанының сапары тарихи мәнге ие екенін атап өтті. Сондай-ақ ол елдеріміз арасындағы серіктестіктің әлеуеті зор екенін және алда ынтымақтастық аясын мейлінше кеңейту міндеті тұрғанын айтты. Хайсам бен Тариқ Әл Саид қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, алдағы келіссөздердің мазмұнды әрі жемісті өтетініне сенім білдірді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?