Түрікменстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстар қарқынды дамып келеді

Түрікменстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстар қарқынды дамып келеді

Түрікменстан мен Қытай экономикалық байланыстарды нығайтып, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Бұл мәселелер Шанхайда өтіп жатқан екіжақты бизнес-форумда талқылануда. Онда 2 елдің мемлекеттік органдары мен іскерлік қауымдастық өкілдері бас қосты. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар ынтымақтастық құжатына қол қою көзделіп отыр. Кездесулерде тараптар мұнай-газ, құрылыс және көлік салаларын дамыту мәселелерін талқылауда. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологиялары мен өзге де инновациялық шешімдерді енгізуге басымдық берілген. Бұдан бөлек, Түрікменстан Қытайдың халықаралық импорт көрмесінде елдің экономикалық әлеуетін таныстырды. Ұлттық павильонда түрікмен компанияларының төл өнімдері мен ірі инвестициялық жобалары ұсынылған.

Сюй Епин, көрменің жауапты хатшысы:

- Бұл көрме Еуразия елдерімен, әсіресе Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық және техникалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған. Бүгінде «Қытай – Еуразия» көрмесін тоғыз рет сәтті өткіздік. Түрікменстанның Сауда-өнеркәсіп палатасымен қол қойған келісіміміз қытайлық кәсіпорындардың осы ел нарығына шығуына кең мүмкіндік береді. Сонымен қатар түрікмен компанияларын Қытайға тартып, өнеркәсіп және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниеттіміз.

Торбен Солл, БҰҰ Сатып алу жөніндегі директор орынбасары:

- Мен көрмеге түрлі өнімдермен танысу үшін келдім. Солардың ішінде ерекше назар аудартқаны - Түрікменстанның экспозициясы. Мұнда ұсынылған тауарлардың алуан түрлілігі мен олардың таныстырылу тәсілі мені қатты таңғалдырды. Бұл Түрікменстанның әлеуетін, елдің даму бағытын және әлемдік нарыққа ұсына алатын мүмкіндіктерін көрсетеді. Көрмеге келіп, осы павильонды аралап, ел ұсынған өнімдердің сан алуандығымен танысқаныма өте қуаныштымын.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?