Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның банк секторының тұрақтылығы
туралы баяндалды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина
Әбілқасымова 8 ай ішінде банктердің активтері шамамен 7%-ға өсіп, 75 жарым трлн
теңгеге дейін ұлғайғанын хабарлады. Президентке экономиканы қаржыландыру
шаралары жөнінде мәлімет берілді. Бизнеске арналған кредиттер 16 триллион
теңгеге жетті. Кәсіпкерлікке жаңадан берілген несие көлемі жыл басынан бері
19,1 пайызға өсіп, 12,5 триллион теңгені құрады. Елдегі қаржы секторы
цифрландырылуда. Агенттік жасанды интеллект технологиясына негізделген FinAI
бірыңғай қадағалау платформасын құрған. Жыл соңына дейін Қаржы нарығына жасанды
интеллектіні енгізу стратегиясы әзірленеді. Құжатта ақпараттық қауіпсіздік пен
деректерді қорғаудың бірыңғай тәсілдері қарастырылады. Кездесу қорытындысында
Қасым-Жомарт Тоқаев қаржылық тұрақтылық жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Мәдина Әбілқасымова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту
агенттігінің төрағасы:
- Банктер туралы жаңа заңды іске асыру мақсатында заңға
тәуелді нормативтік база толық жаңартылды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын
іске асыру мақсатында капитал нарығын және сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға
дейінгі бағдарламалары, сондай-ақ капитал нарығы туралы және сақтандыру нарығы
туралы заң жобалары жаңа редакцияда әзірленді. Олар экономиканы ұзақ мерзімді
қаржыландыруды кеңейтуге, сақтандыру қорғанысын күшейтуге, цифрландыруға және
тәуелге бағдарланған қаржыландыруды дамытуға бағытталған.

