Қазақстан сот сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді

Қазақстан сот сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді


Қазақстан төрт елмен - Қытай, Грузия, Түркия және Әзірбайжанмен сот сараптамасы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді. Жаңа келісімдер мамандардың материалдармен және зерттеу нәтижелерімен алмасуына мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе қазірдің өзінде ТМД аясында қолға алынған. Мәселен, биыл бірнеше халықаралық кездесу өткізіліп, онда сарапшылық жұмысты стандарттау және цифрландыру мәселелері талқыланды. Салада жасанды интеллект белсенді пайдаланылуда. Жаңа технологиялар сот жүйесі деректерін өңдейді, алайда түпкілікті шешімді сарапшылар қабылдайды.


Бақытжан Байтілесов, ҚР Әділет министрлігі сот сараптамалары орталығының директоры:


- Біз де сот сараптамалық қызметімізге цифрландыруды, сондай-ақ жасанды интеллектті енгіздік. АІ сарапшыны алмастырмайды,  бірақ оның көмекшісіне айнала алады. Ол не істейді? Ол маманға қажет жиі қайталанатын жұмысты атқарып, қорытындының үлгілік нұсқасын әзірлейді. Әрі қарай сарапшы құжаттың ішкі құрамын жазып шығады, себебі маманды жасанды интеллектпен ауыстыру мүмкін емес. Бірақ бұл құрал жұмыс мерзімін қысқартуға, қажетті материалдарды, әдістемелерді базадан табуға көмектеседі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?