Қазақстан әлемдік АІ индустриясындағы орнын нығайтып келеді

Қазақстан әлемдік АІ индустриясындағы орнын нығайтып келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жасанды интеллект негізінде цифрлық экономика қалыптастыру міндетін қойды. Осы мақсатта Қазақстанда есептеу қуаттары артып келеді. Қазірдің өзінде екі суперкомпьютер іске қосылды. Жыл соңына дейін үшіншісі пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, жаңа деректерді өңдеу орталықтары салынуда. Шетелдік сарапшылар да Қазақстанның бұл бағыттағы әлеуетін жоғары бағалауда. Олардың пікірінше, отандық инфрақұрылымды дамыту елдің технологиялық тәуелсіздігін нығайтып, өңірлік IT орталық ретіндегі орнын күшейтеді. Бұдан бөлек, Қазақстан AI қолдану жөніндегі халықаралық ережелерді қалыптастыруға да үлес қоса алады. Қазір Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығы жұмыс істейді.

Сэм Доуз, Oxford Martin AI Governance Initiative аға кеңесшісі:

- Орталық Азия АҚШ, Қытай және Еуропа ұсынып отырған жасанды интеллектіні реттеудің түрлі тәсілдерін өзара байланыстыратын көпір бола алады. Ең бастысы - бұл технологиялар адамдарға нақты пайда әкелуі керек. Жасанды интеллектіні медицинада, өнеркәсіпте, білім беру саласында және басқа да бағыттарда тиімді пайдалануға болады.

Кристофер Ламонт, Global Governance Institute жасанды интеллектіні басқару бағдарламасының жетекшісі:

- Бүгінде Қазақстан экономикада жасанды интеллекттің орнын айқындайтын маңызды шешімдер қабылдап жатыр. Инфрақұрылымға инвестиция салу елдің шетелдік технологияларға тәуелділігін азайтып, дербестігін нығайтуға мүмкіндік береді. Қазақстанның бұл бағыттағы стратегиясы шетелде де қызығушылық тудырып отыр. Қазірдің өзінде басқа мемлекеттер оны өздерінің АІ технологияларын дамытуда үлгі ретінде қарастыруда.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?