«Green
Frontier» бағдарламасының бұл шығарылымы қазақ даласының
басты символы – жусан өсімдігінің
мәдени-экологиялық маңызы мен отандық ғылымдағы орнына арналған. Бағдарламада
Сұлтан Бейбарыс туралы аңыз арқылы жусан иісінің туған жерге деген сағыныш пен
ұлттық болмысты оятатын қасиеті сипатталып, Қазақстанда өсетін 80-нен астам жусан
түрінің ерекше емдік әлеуеті мен экологиялық рөлі баяндалады.
Сонымен
қатар шығарылымда Назарбаев Университеті мен «Фитохимия» холдингі ғалымдарының
жусан сығындылары негізінде эпилепсия мен мидың қатерлі ісігіне қарсы жүргізіп
жатқан озық ғылыми зерттеулері көрсетіледі. Бағдарламада әлемнің 11 елінде
патенттелген «Арглабин» сияқты бірегей отандық фито-препараттардың өндірісі,
ғылымдағы заманауи нанотехнологиялардың рөлі және табиғи ресурстарды тиімді
пайдалану мәселелері қамтылған.

