Арал теңізі бір
кездері әлемдегі ең ірі төрт көлдің бірі болып, өңірдегі балық шаруашылығы мен
халықтың тұрмыс-тіршілігінде маңызды рөл атқарды. Алайда Әмудария мен Сырдария
суының егістікке жаппай бұрылуы салдарынан теңіз тартылып, адамзат тарихындағы
ең ірі экологиялық апаттардың біріне айналды.
Бұл бағдарламада Арал
теңізінің тартылу себептері мен оның табиғатқа және аймақ өміріне тигізген
зардаптары туралы айтамыз. Кіші Аралды сақтап қалуда Көкарал бөгеті қандай рөл
атқарды? Құрғаған теңіз табанына сексеуіл не үшін егіліп жатыр және су
деңгейінің көтерілуі балық шаруашылығына қалай әсер етті? Сондай-ақ, Сырдария
суын тиімді пайдалану, Кіші Аралға қажетті су көлемін жеткізу және Орталық Азия
елдері арасындағы су дипломатиясының маңызына тоқталамыз.

