Қарақұйрық - дала жүйрігі

Қарақұйрық - дала жүйрігі

«Green Frontier» бағдарламасының бұл шығарылымы Орта Азия мен Қазақстан шөлдерінің сәні – Қызыл кітапқа енген сирек әрі жүйрік жануар қарақұйрыққа арналған. Сюжетте миллиондаған жылдық тарихы бар бұл тұяқтының физиологиялық ерекшеліктері, аталықтарының «радиатор» рөлін атқаратын мүйіз құрылымы, улы өсімдіктерді залалсыздандыратын 4 камералы асқазаны және лақтарын жыртқыштардан қорғаудағы табиғи айла-тәсілдері кеңінен баяндалады.

Сонымен қатар бағдарламада «Алтынемел» ұлттық паркі мен «Үстірт» қорығы мамандарының қарақұйрық популяциясын сақтау, есепке алу және цифрлық технологиялар арқылы бақылау жұмыстары көрсетіледі. Материалда заңнамалық шектеулердің күшейтілуі, трансшекаралық миграциялық дәліздердегі сым бөгеттерді алу бойынша атқарылып жатқан халықаралық Жобалар және осының арқасында артып келе жатқан эко-туризмнің маңызы сөз болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?