Қар барысы – Орталық Азияның биік тауларын мекендейтін ең сирек әрі құпия жыртқыштардың бірі. 2025 жылғы санақ бойынша елімізде шамамен 150–180 қар барысы бар.
Бұл бағдарламада қар барысының биік таудағы тіршілігі, аң аулау тәсілі мен табиғи ерекшеліктері туралы айтамыз. Ғалымдар мен табиғат қорғаушылары ілбісті қалай зерттейді және фототұзақтар мен GPS арқылы оның қозғалысын қалай бақылайды? Сондай-ақ, қар барысын табиғи ортада түсірудің қаншалықты қиын екенін көрсетіп, туризм, урбанизация және көші-қон жолдарының бұзылуы сирек кездесетін жыртқышқа қалай әсер етіп жатқанын көрсетеміз.

