Қасым-Жомарт Тоқаев Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек
Қуантыровты қабылдады. Президент министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, жаңа
басшыға орман қорын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруды, ұлттық парктер
инфрақұрылымын дамытуды, қалдықтарды өңдеу есебінен тұйық циклді экономика
қалыптастыруды тапсырды. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Астана, Алматы және
Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарататын зауыт салып, бұл
істі басқа өңірлерде де жалғастыру келешегіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ
экологиялық мәдениетті арттыру мен «Таза Қазақстан» бастамасын ары қарай тиімді
іске асырудың маңызына мән берілді.

