Қазақстан Каспий теңізін зерттеуге 1,1 млрд теңге қаржы бағыттады

Қазақстан Каспий теңізін зерттеуге 1,1 млрд теңге қаржы бағыттады

Қазақстан Каспий теңізін кешенді зерттеуге 1 миллиард теңгеден астам қаржы бағыттады. Мемлекеттік резервтен бөлінген қаражат теңіз мониторингіне арналған жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыруға жұмсалмақ. Қазақ теңіз ғылыми-зерттеу институты айдындағы 21 станцияда 2 экспедиция және жағалауда 20-дан астам нүктеде  зерттеу жұмыстарын жүргізуді қамтитын бағдарлама әзірледі. Бұл жұмыстар биыл жүзеге асырылады. Қазір теңіздің жағдайы 50, ал жағалау аймағы тағы 26 көрсеткіш бойынша бақыланады. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Каспий маңы елдерінің бірлескен бағдарламасын әзірлеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оның мақсаты – Каспий экожүйесін зерттеу және сақтау бағытында мемлекеттердің күш-жігерін біріктіру.


Даулет Есмағамбетов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық мәдениет және саясат департаментінің директоры:


– 6 тамыздан бастап Маңғыстау облысында экологиялық челлендждер мен хакатоннан бастап ғылыми талқылаудар мен зерттеулер нәтижелерімен алмасуға дейнгі, түрлі іс-шаралар өткізілуде. Апталық іс-шараларына Каспий маңы мемлекеттері, атап айтқанда, Әзербайжан, Ресей, Иран және Түркіменстанның, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері - Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдері, волонтерлер, экологиялық белсенділер, сарапшылар мен жастар қатысты.


Айта кетейік, соңғы 2,5 жылда өзендер арқылы Каспий теңізіне, оның ішінде 2024 жылғы су тасқынын есепке алғанда, 35 млрд текше метрден астам су келген. Биыл Жайық пен Қиғаш өзендерінен 6 млрд текше метр су жіберілді. Ғалымдардың бағалауынша, теңізге келіп түсетін су көлемі біртіндеп артып келеді.


Мәнсия Есенаманова, Атырау университетінің профессоры:


- Солтүстік Каспийді ерекше атауға болады. Себебі, бұл өте таяз, өте су көлемі аз болып келеді. Судың көлемі негізінен бізге Волга өзенінен келеді деп айтылғанымен, бірақ қазіргі уақытта оның азайғаны байқалып жатыр. Жайық өзенінен келетін судың көлемі ондай көп мөлшерде емес. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?