Маңғыстау облысында іздестіру-құтқару операциясы аяқталды

Маңғыстау облысында іздестіру-құтқару операциясы аяқталды

Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Қазақстан Президенті қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты. Қаралы күні еліміздің барлық өңірінде, сондай-ақ шетелдік өкілдіктердің ғимараттарында Мемлекеттік Ту төмен түсірілді. Ел бойынша мәдени-бұқаралық және ойын-сауық шаралары тоқтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және марқұмдардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды. Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған комиссия оқиға орнында жұмыс істеуде. Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын хабарлады. Қаза тапқан әскери қызметшілер саны 14-ке жетті. Үшеуі құтқарылып, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Еске салайық, 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде ауа райы күрт нашарлап, желдің күшеюінен 17 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?