Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы қазақстандық ғылыми әзірлемелермен танысты

Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы қазақстандық ғылыми әзірлемелермен танысты

Қазақстан мен Бельгия аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтпек. Бұл мәселе Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда және Премьер – министр Олжас Бектенов қатысқан қазақ - бельгия дөңгелек үстелде талқыланды. Тараптар гидрометаллургияны дамыту, өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу және табиғи ресурстарды қайта пайдалану бағыттарындағы жобаларды қарастырды. Жер қойнауын игеруді цифрландыруға және ғылым мен өнеркәсіп арасындағы байланысты нығайтуға баса назар аударылды. Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту арқылы сенімді логистикалық маршруттарды қамтамасыз ету көзделген. Одан бөлек, Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильдаға қазақстандық ғылыми зерттеу әзірлемелері таныстырылды. Олардың қатарында отандық литий мен никельден аккумулятор өндірісіне қажетті материалдар алу технологиясы, сирек кездесетін элементтерді зерттеу жобалары, отандық KAZ-LLM тілдік моделі, машиналық аударма жүйесі мен робототехникалық шешімдер бар. Тараптар жасанды интеллект әзірлемелерін дамытып өндіріске енгізу бірлескен ғылыми зерттеулерге және өнеркәсіптегі жаңа технологияларға жол ашатынын атап өтті. Жиын соңында Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда Nazarbayev University-дің құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?