Президент телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған
«Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекториясы ел ішіндегі көрсетілімін
жалғастыруда. Бұл жолы ол Өскеменде өтті. Көрермендерге Қазақстан халқы, оның тарихы
мен қазіргі өмірі туралы үздік деректі фильмдер ұсынылды. «Құлалы аралындағы
адам» картинасы үлкен қызығушылық тудырды. Ол 30 жылдан астам уақыт бойы Каспий
теңізіндегі шағын аралда тұрып, жұмыс істеп келе жатқан гидрометеостанция басшысы
Петр Лупенков туралы. Көрсетілім соңында Шығыс Қазақстан техникалық
университеті Президент телерадиокешенінің Деректі кино орталығымен
ынтымақтастық орнату бастамасын көтерді. Жоғарғы Оқу Орны студенттерге арналған
осындай кинокөрсетілімдерді тұрақты өткізуді жоспарлап отыр. Алғашқы болып
«Құлалы аралындағы адам» лентасы кәсібиліктің, жауапкершілік пен өз ісіне
адалдықтың тарихы ретінде жастар назарына ұсынылдады.
Сәуле Рахметуллина, Шығыс Қазақстан техникалық
университетінің ректоры:
- Біз студенттеріміздің осы кейіпкердің шынайы өмірдегі адам
екенін көргенін, фильмнен үлгі алғанын, осы маманның өз ісіне адалдығының
себебін түсінгенін қалаймыз. Бұл шын мәнінде өте маңызды мәселе.
Эльдар Төлеубеков, көрермен:
- Жастар қазір көбінесе біз ақша-ақша дейміз ғой, ақша да керек нәрсе шығар. Бірақ өмірдің басты қажетті нәрсесі әрбір адам өзінің бір сүйікті жұмысын тауып алса. Сол жұмысты, осылайша, 30 жыл жақсы атқарып жүрген осындай адамдар бізге бір үлгі, алдымыздағы бренд, батырдың обрызы. Оны еліктеуге лайық адам деп айтуға болады.

