Алатау қаласында авиациялық отын өндіретін экожүйе құрылады

Алатау қаласында авиациялық отын өндіретін экожүйе құрылады

Қазақстан «жасыл» технологиялар мен орнықты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастырып келеді. Жаңа жобалардың бірі – Алатау қаласында экологиялық таза авиациялық отын өндіретін интеграцияланған экожүйе құру. Тиісті өзара түсіністік туралы меморандумға Премьер-министр Олжас Бектенов пен гонконгтық Full Vision Capital компаниясының негізін қалаушы доктор Питер Лидің кездесуі барысында қол қойылды. Құжатта ауыл шаруашылығы шикізатын өсіруден бастап, дайын тұрақты авиациялық отын өндіруге дейінгі толық өндірістік тізбекті қалыптастыру, сондай-ақ зияткерлік энергетикалық шешімдер мен заманауи энергия жинақтау жүйелерін енгізу көзделген. Жобаны іске асыру Алатау қаласының озық технологияларды енгізетін пилоттық алаң ретінде дамуына, инвестиция тартуға және Қазақстанның орнықты энергетика саласындағы әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?