«Хроникадан болашаққа» кинокеруені Талдықорғанда

«Хроникадан болашаққа» кинокеруені Талдықорғанда

Тұрғындар тағдыры мен өңір тарихы - үлкен экранда. Талдықорғанда Қазақстан Президенті телерадиокешенінің «Хроникадан болашаққа» кинокеруені өтті. Алдымен көрермендер назарына балықшы Күнтуған Тұрғынбаевтың өмір жолынан сыр шертетін «Aral» фильмі ұсынылды. Екі күндік бағдарламаға 2024 жылғы су тасқыны туралы «Серт» фильмі, Қазақстан мен Жапонияның ынтымақтастығын баяндаған «Қуатты серіктес» және Каспийдегі метеостанция басшысы туралы «Құлалы аралындағы адам» картиналары енген. Көрермендер фильм авторларымен әңгімелесіп, туындылар жайлы ойымен бөлісті.


Данияр Жаныс, Талдықорған қаласының тұрғыны:


- Аралдың тағдырын 77 жастағы қарттың көзімен көрсеткен кезде біз оны басқаша қабылдайды екенбіз. Тек қана сол кісінің сөзі, пікірі, естелігі арқылы жақсы ой түйдік.  «Серт» фильмі бойынша айтатын болсақ бұл жерде өте үлкен жұмыс жасалған екен. Төрт-бес облыстағы су басқан өңірлерде әркімнен сұхбат ала отырып, әр өңірден бір картинаны толыққанды қылып шығарған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?