Қазақстан Horizon Europe ғылыми бағдарламасына қатысуын кеңейтуде

Қазақстан Horizon Europe ғылыми бағдарламасына қатысуын кеңейтуде

Қазақстан Horizon Europe инновацияларды ғылыми зерттеу бағдарламасына қауымдастырылған ел ретінде қосылуға ниетті. Бұл бағдарлама ғылымды қаржыландырып, түрлі мемлекет ғалымдарына жаңа технологияларды бірлесіп әзірлеуге көмектеседі. Сарапшылардың айтуынша, мұндай мәртебеге ие болу қазақстандық университеттерге, ғылыми ұйымдар мен компанияларға халықаралық жобаларға кеңінен қатысуға және еуропалық қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ресми өтінім Еурокомиссияға жөнелтілді. Қазір тараптар ынтымақтастық шарттарын талқылауда. Қазақстандық ғалымдар мен компаниялар қазірдің өзінде осы бағдарламаға қатысып келеді. Алайда соңғы жылдары өтінімдер саны едәуір өскен. 2023 жылы 15 жоба өтінім берсе, қазір олардың саны 200-ге жетті. Соңғы жылы алдыңғы қатарлы зерттеулерге жалпы соммасы 1 млн 770 мың еуро көлеміндегі грант қаржысы тартылды. Университеттер, ғылыми ұйымдар, бизнес өкілдері мен еуропалық сарапшылар Астанада бас қосып, 2027 жылғы байқауға дайындықты талқылады. Қатысушыларға шетелдік серіктестерді табу, бірлескен зерттеу командаларын құру және өз жобаларына қаржы алу тетіктері түсіндірілді.

Әлия Сембаева,  Қазақстандағы Horizon Europe ұлттық үйлестірушісі:

- Бағдарламада іргелі ғылыми инновациялық жобалардан бастап, стартаптарды, жаһандық компанияларды қаржыландыруға дейінгі тетіктер қамтылған. Қазақстанда сирек кездесетін металдар бойынша бірқатар келіссөздер жүргізілді және биыл нақты осы салада екі келісімге қол қойылды. Медицина, денсаулық сақтау салаларында да қазақстандық ұйымдар қаржыландыруға ие болды. Жасанды интеллект - Еуропалық Одақ үшін де тың зерттеулерді қажет ететін бағыт және қазір өтінімдердің бағыты мен саласына қарамастан, жасанды интеллектіні қолдану Horizon Europe талаптарының міндетті компоненті болып табылады.

Мариус Пуоджюнас, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің саясат, баспасөз және ақпарат бөлімінің қызметкері:

- Бүгінде аса маңызды минералдарға ерекше назар аударылады. Жеткiзу тiзбектерiнiң тұрақсыздығы оларға деген сұранысты одан әрі артып отыр.  Қазақстанның мұндай ресурстары бар, сондықтан бұл тұста өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктері үлкен. Осы бағыттың әрі қарай дамуы үшін өзара сенімді нығайту және заңнаманың болжамдылығын қамтамасыз ету маңызды. Мұндай кездесулер пікір алмасуға, жаңа серіктестер табуға және осы саладағы ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік береді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?