Мемлекет басшысы газ саласын дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы газ саласын дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді

Қазақстан Президенті QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасын қабылдады.  Әлібек Жамауов ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысы жөнінде  баяндады. Қазіргі уақытта қуаты жылына 1 миллиард текше метр көгілдір отын өңдеуге жететін Қашаған газ өңдеу зауытының құрылысы жалғасуда. Өндіріс нысанын 2027 жылдың ІІІ тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Сондай-ақ Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральдық газ құбырының екінші желісінің құрылысы басталды. Бүгінгі таңда 7 учаскеде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Кездесу соңында Президент жылыту кезеңінде көгілдір отынмен тұрақты қамтамасыз ету және тауарлы газ қорын кеңейту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?