Құрылтайдың алғашқы отырысы депутаттардың ант қабылдау рәсімімен басталды. 145 депутаттан тұратын жаңа құрам Қазақстан халқына адал қызмет етуге, елдің Конституциясы мен заңдарын құрметтеуге салтанатты түрде ант берді.
Құрылтайдың жаңа басшылығы жасақталды
Сондай-ақ Құрылтайдың жаңа басшылығы жасақталды. Мемлекет басшысы жаңа заң шығарушы органның Төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайды ұсынған еді. Жасырын дауыс беру арқылы депутаттар бұл кандидатураны қолдады. Одан кейін Құрылтай спикерінің үш орынбасары анықталды. Бұл қызметтерге Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Зәкиева келді. Бұл жолы дауыс беру ашық форматта өтті. Сегіз тұрақты комитеттің де басшылары бекіді. Жаңа басшылық Құрылтай қызметін ұйымдастырып, депутаттардың бірлескен жұмысына жетекшілік ететін болады.
Айбек Дәдебай, ҚР Құрылтайының төрағасы:
– Елімізде жүзеге асып жатқан реформалар мен ауқымы бізден байыпты шешімдер
мен кәсіпқойлықты және қажырлы еңбекті талап етеді. Сонымен қатар әр заңның, әр
шешімнің артында нақты мақсат тұр. Ол еліміздің одан әрі дамуын қамтамасыз ету.
Мемлекеттігімізді нығайтып, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру. Бұл жұмыстың
негізінде халқымыз жаппай қолдаған жаңа Конституцияның құндылықтары мен
қағидаттары жатуға тиіс.

