Қазақстан мен Моңғолия тауар найналымын 500 млн долларға дейін жеткізуге ниетті

Қазақстан мен Моңғолия тауар найналымын 500 млн долларға дейін жеткізуге ниетті

Қазақстан мен Моңғолия өзара сауда көлемін 500 млн долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы екі елдің үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысында айтылды. 2025 жылы арадағы тауар айналымы 8% жуық өсіп, 133 жарым млн долларды құраған. Оның 123 млн доллары қазақстандық экспортқа тиесілі. Еліміз енді Моңғолияға ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілімдерін арттыруға ниетті. Бұл ретте өңделген және қосылған құны жоғары өнімдердің үлес басым болмақ. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың дамуына 2026 жылғы 22 шілдеде күшіне енген Еуразиялық экономикалық одақ пен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімі де ықпал етпек.


Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:


- Ағымдағы жылдың 7 айында Агро өнеркәсіптік кешеннің тауар айналымы 11 пайызға өсіп, 15,3 млн АҚШ долларына жетті. Әлі де алда үлкен потенциал бар. Біз тек сауда көлемін арттырумен шектелмей, өнімді бірге өңдеуге және өндірістер ашуға әрі қосылған құны жоғары өнім шығаруға мүдделіміз. Сондықтан екі тарапқа да тиімді нақты инвестициялық жобалардың тізімін жасап, оларды мемлекеттік органдар деңгейінде қарастыруды ұсынамыз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?