Қазақстанда мемлекеттік наградалар қатарына тағы екі медаль қосылды. Оның
бірі – «Шәмші Қалдаяқов» медалі болса, екіншісі – «Қазақстанның еңбек сіңірген
суретшісі» құрметті атағы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті шешім
қабылдады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек
Смадияров хабарлады. Жаңадан тағайындалған мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне
қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі
үлес қосқан азаматтарға беріледі. Айбек Смадияров мәдениет пен өнер – ұлттық
бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді
жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілгенін атап
өтті.

