Сеулде қазақ мәдениеті мен дәстүрлері таныстырылды

Сеулде қазақ мәдениеті мен дәстүрлері таныстырылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ұлттық Ассамблея Спикері Чо Чжон Шик Ханган саябағында орналасқан қазақ этноауылына барды. Жоғары мәртебелі меймандар киіз үйді аралап көріп, қазақ халқының бірегей мұралары айшықталған «Жеті қазына» инсталляциясын тамашалады. «Бірлік» би ансамблі мен Қазақстанның корей театры балет труппасының бірлескен «Достық» хореграфиялық қойылымы қос халық арасындағы өзара құрмет пен тығыз байланысты паш етті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чо Чжон Шикке садақ ату өнері көрсетілді. Ханган саябағында аспанға дрондар көтеріліп, екі елдің мемлекеттік туларын бейнеледі, сондай-ақ «Қазақстан мен Корея – жарқын келешек жолында» жазуы әдіптелген дирижабль ұшырылды. Бұдан кейін Мемлекет басшысы Кореяда оқып жатқан және еңбек етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен әңгімелесті. Президент жүздесуде елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тоқталды. Ал отандастарымыз қол жеткізген табыстарын тілге тиек етіп, мақсат-межелерін айтып өтті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?