Үкіметте Digital Qazaqstan стратегиясы талқыланды

Үкіметте Digital Qazaqstan стратегиясы талқыланды

Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясы экономиканың негізгі салаларына ауқымды өзгерістер әкелуі тиіс. Премьер-министр Үкіметке атқарылып жатқан жұмыс қарқынын арттыра түсуді тапсырды. Осылайша, мемлекеттік қызметтердің экожүйесі проактивті форматқа көшеді. Премьер-министр отандық цифрлық шешімдерге тұрақты ішкі сұраныс қалыптастыру қажеттігін айтты. Өнеркәсіп министрлігіне цифрлық шешімдерді енгізу үшін басымдық берілетін кәсіпорындар мен технологиялық процестердің тізбесін айқындау тапсырылды. Өндірістік деректер бірыңғай салалық Data Lake жүйесіне біріктіріледі. Цифрландыру кәсіпорындарға еңбек өнімділігі, шығындарды азайту және бәсекеге қабілеттілік тәрізді нақты нәтижелер әкелуі керек. Энергетика саласындағы деректерді Energy Command Center-ге шоғырландырып, саланың негізгі нысандары мен ақпараттық жүйелерін бірыңғай цифрлық контурға біріктіру тапсырылды. Жыл соңына дейін кен орындарына цифрлық түгендеу жүргізіліп, олардың виртуалды телнұсқасы әзірленеді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Жасанды интеллект және кен орындарының цифрлық телнұсқалары технологияларын қолдану іс жүзінде тиімділігін көрсетіп отыр. Сондықтан олар өндірістік процесстерді басқарудың негізгі стандартына айналуға тиіс. Энергетика министрлігі «Самұрық-Қазына» қорымен және «ҚазМұнайГаз» компаниясымен бірлесіп, осы шешімдерді барлық өндірістік активтерде кеңінен қолданылуын қамтамасыз етуі тиіс. 2028 жылдың соңына дейін 12 негізгі кен орнында  цифрлық телнұсқаларды толық іске қосу қажет.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?