Тәуелсіз
Қазақстанның маңызды қалыптасу белестеріне куә болған
адамдардың өмір тарихы баяндалған деректі фильмдер
Семей тұрғындарының назарына ұсынылды. Онда Президент телерадиокешенінің 30
жылдығына арналған республикалық кинолектория көрсетілімі өтті.
Жоба аясында көрермендерге екі картина таныстырылды. Біріншісі - «Арал» фильмі
- жарты ғасырдан астам балық аулаған Күнтуған
Тұрғынбаев туралы әңгімелейді. Онда осы бірегей су
айдынын сақтауға байланысты өзекті мәселелер көтерілген. Екінші туынды
- «Серт», 2024
жылғы су тасқынына арналған. Сюжеттің бел ортасында
еріктілер мен құтқарушылар бар, олар бірлесіп апаттың салдарын жоюға
көмектесіп, зардап шеккендерге демеу болған. Көрсетілімнен соң көрермендер
фильмдерді жасаған мамандармен
тікелей сұхбаттасты.
Манарбек
Сатыбалды, көрермен:
- Фильмнен алған әсеріміз енді, Арал теңізі қанша дегенменен қазақтың үлкен
қырық жылдық қасіреті ғой. Сол ауылдағы, аумақтағы, ауданда тұратын ,
Қызылордада тұратын азаматтардың,
тұрғындардың елге, жерге деген
махаббаты. Екінші кинодан «Серт»деген фильмде жалпы Үкіметтің су тасқынында
зардап шеккен азаматтарға деген қолдауы ерекше сезілді.

