Қазақстан мен Германия су саласында жаңа хаб құрмақ. Оның негізгі мақсаты- су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін заманауи технологиялар мен инженерлік шешімдерді тарту. Жобаға екі елдің мемлекеттік органдары, бизнес өкілдері мен сарапшыларын жұмылдыру көзделіп отыр. Бастаманы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Германияның Қазақстандағы елшісі Хайке Ренате Пайч талқылады. Жоба тұжырымдамасы 300-ден астам компанияны біріктіретін German Water Partnership қауымдастығына ұсынылды. Жаңа технологияларды белгіленген нысандарда сынықтан өткізу жоспарланған. Ықтимал жобалардың қатарында цифрлық инновацияларды енгізу, суды тазарту және инфрақұрылымды жаңғырту бар. Мұндай шешімдер әсіресе өнеркәсіп саласында сұранысқа ие. Отандық өндірістік кәсіпорындар елде қолданылатын су көлемінің төрттен біріне дейін тұтынады. 600-ден астам компания суды қайта пайдалану немесе айналымды сумен жабдықтау жүйесіне көшуді жоспарлап отыр.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
- Бүгін біз германиядағы кәсіпорындарда мамандарымыздың біліктілігін арттыру және даярлауға қатысты ұсыныс жасадық. Менің ойымша, бұан қажетті барлық мәселер мен түрлі бағыттар инновациялық хабымыздың тұжырымдамасында толық қамтылған. Атап айтқанда, онда су тасқыны жағдайын болжаудың жаңа тәсілдерін енгізу, сондай-ақ саланы цифрландыру мәселелрі қарастырылған. Енді жобаны жүзеге асыру үшін сөзден іске көшу қалды.
Борис Грайфенедер, German Water Partnership бас директоры:
- Германияның Экономика министрлігі мен Қазақстанның Өнеркәсіп министрлігі арасында жол картасы әзірленеді. Тараптар бірлесіп су саласын зерттеп, қажетті өлшеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін зертхана жобасын жүзеге асырады. Бұл- алғашқы кезең ғана. Келесі қадам Қазақстан-Германия су технологиялар хабын ашу болмақ. Оның аясында технологиялар трансфері бойынша жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.

