AI&Digital Bridge: АІ-жобалар жаңа масштабқа ие болады

AI&Digital Bridge: АІ-жобалар жаңа масштабқа ие болады

Астанада AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы өз мәресіне жетті. Оның аясында 60 астам жаңа келісімге қол жеткізілді. Олардың қатарында Kraken компаниясымен елімізде цирфлық активтер нарығын дамыту және блокчейн технологияларын қолдану жөніндегі ынтымақтастық меморандумы бар. Ел Премьер-министрі Олжас Бектенов аталған компания сондай-ақ Higgsfield AI және DREAM компаниялары басшыларымен кездесулер өткізді. Тараптар кадр даярлау, бірлескен жобаларды және отандық мамандардың халықаралық  технологиялық бастамаларға қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ форум қорытындысы бойынша озық АІ әзірлемелеріді қолдану аясын кеңейту жоспарларлары айқындалды. Әлеуетті бағыттардың бірі- робототехника.

Владислав Сафаров, QAZBOT Technologies компаниясының СЕО-сы:

- Бізде пилоттық жоба бар. Осы қанатқақты бастамамызды Қазақстанның екі ірі қаласы - Астана мен Алматыда жүзеге асыруға ниет танытып отырмыз.  Оның бірінші кезеңінде гумоноид роботтар мен робот иттерді орнатамыз. Олар халықпен тікелей байланысады. Астанадағы алғашқы нүктеміз LRT болмақ. Мақсат - жолаушыларға ақпарат беру, жеңіл релсті көлік нысандарының бағыттары мен пайдалу мүмкіндіктері туралы мәлімет ұсыну. Сондай-ақ қонақүйлер, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен әлеуметтік нысандарды осындай озық технологиямен  жабдықтау жоспарланған.  

Форумда AI-дің қолданыс аясын кеңейтуге ерекше назар аударылды. Жиында ұсынылған озық әзірлемелер қазірдің өзінде өнеркәсіп, білім беру қаржы және мемлекеттік қызмет жүйесінде қолданыс табуда. Ендігі кезекте бұл тың АІ шешімдерді масштабтап, сандық жүйелерді азаматтарға қолжетімді ету түсу. Олардың бірі 1414 біріңғай байланыс орталығы базасында жұмыс істеп тұр.

Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқармасының төрағасы:

- Бүгінде АІ-көмекші ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді ұсынады. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алу, жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды тіркеу, әлеуметтік аударымдар мен жүргізуші куәлігін қалай алуға болады дегендей  мемлекеттік қызметтерге қатысты кеңес береді. Көмекші қазірдің өзінде толыққанды жұмыс істеп тұр. Үш тілде қоңырау қабылдап, өңдей алады. Бүгінде АІ көмекші қабылдаған қоңыраулардың шамамен 40% өзі шешеді. Жалпы азаматтар ол арқылы түрлі бағытта дереу  әрі нақты ақпарат алады.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?