Қазақ ұлттық ойындары цифрлық кеңістікке көшірілді. Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары – 2026» аясында ұйымдастырылған этнофиджитал бағыты - дәстүрлі спорт түрлерін заманауи цифрлық форматпен ұштастырып, ұлттық ойындарының компьютерлік нұсқасы таныстырылды. Жобаны Қазақ ұлттық спорт университеті мен Этнофиджиталды дамыту академиясы бірлесіп жүзеге асырған. Алғашқыда EthnoPhygital Asyq, Digital Togyzqumalaq, EthnoPhygital Dance сынды негізгі үш бағыт қамтылды.
Тұрсынзада Қуанғалиева, Қазақ ұлттық спорт университетінің ректоры:
- Осылайша, технология ұлттық спорттың бәсекелесі емес, оны дамытудың құралына айналады деп ойлаймыз. Бүгінгі іс-шара жай ғана жарыс емес, бұл болашақ білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулердің, халықаралық байқаулардың, ынтымақтастықтардың негізін қалайтын тәжірибелік алаң деп есептеймін. Осындай жобалар біздің ұлттық мұрамызды сақтап қана қоймай, оны әлемдік аудиторияға заманауи түрде таныстыра алады деген сенімдеміз.
Қатысушылар цифрлық және физикалық спорт сайысында өз шеберлігін сынайды. Жеңімпаз екі кезеңнің жиынтық ұпайымен анықталады. Этнофиджиталдың ұлттық мәдениет, спорт және цифрлық кеңістікті ортақ алаңға тоғыстыру тұжырымдамасына халықаралық қауымдастықтың қызығушылығы артқан.
Константин Балаганский, Этнофиджиталды дамыту академиясының президенті /Ресей/:

