Шетелдік
сарапшылардың пікірінше, алдағы сайлау Қазақстанның демократиялық эволюциясының
маңызды кезеңі болмақ. Бұл ретте сайлаудың мәні
Құрылтай құрамын қалыптастыру шеңберінен асып түседі. Сайлау
және бір палаталы парламенттің одан арғы жұмысы елде іске асырылып жатқан саяси
өзгерістердің көрінісі болмақ. Румыниялық
саясаттанушы Разван Виктор Пантелимон жаңа институттардың қалыптасу қарқыны дауыс
беру нәтижелеріне тәуелді деп есептейді. Оның айтуынша, Құрылтайдың
бірінші құрамы өз жұмыс ретін жасақтап, алғашқы парламенттік
тәжірибесін қалыптастырады. Қоғамның
мемлекеттік институттарға деген сенімі осыған байланысты өзгереді.
Разван Виктор Пантелимон, Ovidius университетінің тарих және саясаттану факультетінің оқытушысы:
- Сайлауға қатысу - Қазақстан азаматтарының
негізгі конституциялық құқықтарының бірі. Дәл осы дауыс беру құқығы қазақстандықтарға Құрылтайдың бірінші құрамын
қалыптастыруға және елдің саяси жүйесінің
дамуына тікелей ықпал етуге мүмкіндік
береді. Осылайша, дауыс беруге қатысу азаматтық
белсенділікті және саналы саяси таңдауды ынталандырады. Сайлау нәтижелері жаңа
өкілді органның құрамын айқындайды және конституциялық реформаларды іске
асырудағы, сондай-ақ институттарды одан әрі нығайтудағы маңызды қадам болады.

