Астанада ТМҰ елдерінің өзара ынтымақтастық әлеуеті талқыланды

Астанада ТМҰ елдерінің өзара ынтымақтастық әлеуеті талқыланды

Ортақ тіл, мәдениет, тарихи мұра мен дәстүр. Түбі бір түркі әлемін біріктіретін бұл құндылықтар бүгінде кең ауқымды ынтымақтастықтың негізіне айналды. Жаһандық сын-қатерлер, қарқынды цифрландыру және басқа да өзгерістер жағдайында өзара іс-қимылды одан әрі қалай дамытуға болады? Бұл жөнінде Астанада өткен «Түркі әлемінің диалогы: ортақ болашақ, ортақ көзқарас» атты панельдік сессияда талқыланды. Іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің дипломаттары, мемлекеттік орган өкілдері, сарапшылар мен түркітанушы ғалымдар қатысты. Тараптар Қазан айының соңында Анкарада өтетін ұйымның 13-саммиті қарсаңында интеграцияның нақты бағыттарын сөз етті. Атап айтқанда, Орта дәліздің транзиттік мүмкіндіктерін кеңейту, экономикаларды цифрландыру, энергетикалық және сауда желілерін дамыту мәселелері көтерілді. Жоғары білім беру мен академиялық алмасу мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.


Мұстафа Капуджу, Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:


- Қазіргі таңда Түркияда 13 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жатыр. Сондай-ақ Қазақстанда да түрік студенттері оқиды. Білім беру және академиялық алмасудың маңызы зор. Келесі қадам – ғалымдар арасындағы ынтымақтастықты күшейту. Қазақстандық және түркиялық мамандар үшін де бірдей қолжетімді ғылыми зерттеулердің ортақ индексін құруымыз қажет. Сонда екі елдің зерттеушілері бір-бірінің еңбектерімен еркін танысып, бірлескен зерттеулерді дамыта алады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?