Биылғы жылдың сегіз айында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд 750 млн долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20% жоғары. Қос мемлекет өнеркәсіптік кооперацияны нығайтып, экспорт көлемін арттыруға басымдық беріп отыр. Қазақстанның Сауда министрлігінің мәліметінше, бүгінде отандық өнім экспортының қосымша әлеуеті 330 млн доллардан асады. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті Бішкекте өткен Үкіметаралық кеңес отырысы мен Қазақстан және Қырғызстан Премьер-министрлерінің қатысуымен ұйымдастырылған екінші өңіраралық ынтымақтастық форумында талқыланды.
Арман Шаққалиев, Сауда және интеграция министрі:
- Біздің ортақ міндетіміз 2030 жылға қарай өзара тауар айналымын 3 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу. Осы мақсатта сауданы кеңейту мен өнеркәсіптік кооперацияны дамытуда көзедйтін жол картасы іске асырылуда. Бірлескен жұмыс жобаларды іске асыруға және Қазақстан мен Қырғызстанның экономикалық әріптестігінің сапалы жаңа деңгейде көтеруге мүмкіндік береді.
Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі - шекара маңы инфрақұрылымын дамыту. Жамбыл облысындағы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан сегіз өткізу пунктінің жетеуі біздің ел аумағына тиесілі. Мұнда қырғыз капиталының қатысуымен құрылған мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Сондай-ақ көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға және екіжақты экономикалық байланыстарды кеңейтуге қолайлы жағдай жасауға ерекше мән беріліп отыр. Осындай маңызды жобалардың бірі Қырғызстанмен шекараға жақын Қордай ауданында жүзеге асырылуда.
Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:
- Инсдустриалдық сауда логистикалық кешенін құруға біз Қордай ауданынан біз 165 гектар жер телімін бөлдік. Қазіргі таңда мына электр қуатпен қамтамасыз ету үшін потстанцияның құрылысы басталып кетті. Оған қарадат бар, 4,2 млрд бөлінді. Құрылыс қазір қарқынды жүріп жатыр. Екінші мәселе әрине бізде агроөнеркәсіп кешенінің қарым-қатынасы екі елдің. Әрине үшінші бағыт потенциалы өте жоғары бағыт. Бұл жәй саудадан индустриалдық кооперацияға көшу. Сол себепті біз Қырғыз әріптестерімізді осы кооперацияға шақырып жатырық.

