Қазақстан Silk Way Star жобасының екінші маусымын жеңіспен бастады

Қазақстан Silk Way Star жобасының екінші маусымын жеңіспен бастады

Қазақстан үшін Silk Way Star халықаралық музыкалық байқауының екінші маусымы жеңіспен басталды. Еске сала кетейік, биыл жоба Қытайдың Иу қаласында өтіп жатыр. Өнерпаздар бәйгесіне еліміздің атынан қатысқан Рухия Байдүкенова «Бұлбұл» әнін орындап, бірінші кезеңде үздік атанды.

Жаңа бағдарламаның алғашқы шығарылымы CCTV-3, CCTV-15 арналары мен медиакорпорацияның онлайн платформаларында жарық көрді. Айта кетейік,  байқауға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Вьетнам, Сербия, Оңтүстік Африка Республикасы, Малайзия, Жаңа Зеландия, Бразилия және Грузиядан барлығы 12 өнерпаз қатысуда. Жобаны Қазақстан Президентінің Телерадиокешені мен China Media Group бірлесіп жүзеге асыруда.

Рухия Байдүкенова, Silk Way Star қатысушысы:

- Халықаралық аренада өз елімді таныстыру ол мен үшін үлкен мәртебе және ол үлкен ауыр жүк. Сол жүкті ақтау үшін барынша еңбегімді салып жүрмін. Біздің қазақтың домбырасын, сыбызғысын, дауыспен ән айту сондайларды музыкаға қостық.  Және де бұрынғы ескі қазақ әндерін жаңаша бағытта көрсетпекшімін осы жобада 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?