Президент қазан айында Қазақстан халқына Жолдауын жасап, алдағы жаспарды айқындайды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде мәлімдеді. Мемлекет басшысы қазір еліміз тарихи өрлеу дәуіріне қадам басқанын жеткізіп, елде болып жатқан елеулі өзгерістерге тоқталды. Конституцияға сәйкес, еліміздің негізгі институттары жаңғыртылып жатыр. Құрылтай сайлауы өтті. Қазақстанның Вице-Президенті тағайындалды. Жаңартылған Үкімет жұмысына кірісті. Сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты жасақталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Көп ұзамай Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітіледі. Құрылтайдың
келісімімен Конституциялық сот судьялары, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары
аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалады. Осылайша, еліміздің негізгі
мемлекеттік институттары толық жаңғыртылады. Бұл да – ауқымды реформаларымыздың
өте маңызды бөлігі. Ал қазан айында мен Конституцияның 46-бабына сәйкес
Қазақстан халқына Жолдауымды жасап, алдағы жоспарымызды айқындаймын.

