Қазақстан азаматтық қорғаныс жүйесін жаңғыртуда

Қазақстан азаматтық қорғаныс жүйесін жаңғыртуда

Мемлекет басшысына Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов азаматтық қорғаныс жүйесін жаңғырту жөнінде баяндалды. Соңғы екі жылда бөлімшелер мың жарымға жуық техника, авиация, заманауи құтқару жабдықтары, ұшқышсыз ұшу аппараттары және байланыс құралдарымен толықтырылды. Бұл еліміздің барлық өңірінің төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мүмкіндігін айтарлықтай арттырды. Сонымен қатар министрлікке қарасты бөлімшелерді жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Министр жаңа әмбебап құтқару құрылымдары, авиация және теңіз жасақтары құрылғаны жөнінде айтты. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 237 ерікті өрт сөндіру бекеті салынған. Халықты жаппай шұғыл хабардар ету жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып, Ахуалдық орталықтың мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Сондай-ақ табиғи өртті ерте анықтау жүйелері біріктірілуде.

Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

– Президент тарапынан құтқарушылардың жұмысына жоғары баға беріліп, нақты тағыда тапсырма берілді. Соның бірі жергілікті атқарушы органдарының басшыларымен бірлесіп, жергілікті жердегі төтенше жағдайлар бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстарды бірлесіп жасау. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?