Қазақстанда орақ науқаны басталды

Қазақстанда орақ науқаны басталды

Қазақстанда орақ науқаны басталды. Астық жинау жұмыстарына Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Жетісу облысының, сондай-ақ Шымкент қаласының шаруалары кірісті. Алғашқы нәтижелер оң динамиканы көрсетіп отыр. Астық жинау қарқыны өткен жылғыдан озық, ал негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі айтарлықтай өсті. Бүгінгі таңда 634 мың тонна астық бастырылды. Орташа түсімділік гектарынан 20,6 центнерді құрайды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге жоғары. Бидай мен арпа бойынша айтарлықтай өсім байқалады. Егін орағы науқанына шаруалар толығымен дайын. Олар қажетті ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етілген, ал мемлекет 400 мың тоннадан астам дизель отынын жеңілдікпен бөлген. Бұл дала жұмыстарын дер кезінде атқаруға мүмкіндік береді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?