Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Астана уақыты бойынша сағат
18:00-дегі жағдай бойынша ел азаматтарының 72%-дан астамы дауыс бергенін
хабарлады. Осылайша, бір палаталы Құрылтай сайлауында 9 миллион 95 мыңнан астам
қазақстандық өз азаматтық ұстанымын білдірді. Ең жоғары белсенділік Түркістан
облысында тіркелген. Онда тұрғындардың 90% -дан астамы дауыс берді. Жетісу
облысында бұл көрсеткіш 89,69%-ды, ал Қызылорда облысында 88%-ды құрады. Сайлау
учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-ге дейін жұмысын жалғастырады,
азаматтардың сайлауға келуі туралы деректер жаңартылып отырады.

