Қазақстан мен Корея Республикасы парламентаралық ықпалдастықты тереңдетеді

Қазақстан мен Корея Республикасы парламентаралық ықпалдастықты тереңдетеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шикпен кездесті. Тараптар әңгімелесу барысында екі елдің парламентаралық диалогын тереңдету, сауда-экономикалық ынтымақтастық, пен мәдени-гуманитарлық байланысын дамыту әлеуетін талқылады.  Президент Корея парламентінің өкілдеріне елімізде мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысы соңғы жылдары айтарлықтай тереңдей түскен парламентаралық диалогты Құрылтай депутаттары белсенді түрде дамытатынын атап өтті. Өз кезегінде Чо Чжон Шик Қасым-Жомарт Тоқаевты конституциялық реформа және парламент сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Бұл – Қазақстан халқының Президентке артқан сенімі жоғары екенін көрсететінін алға тарты. Ұлттық Ассамблеясының Спикері көктемде Қазақстанда өтетін Орталық Азия мен Корея Республикасы парламент төрағаларының төртінші кездесуіне қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?