Қазақстандықтардың 71% дауыс беруді азаматтық борыш деп санайды

Қазақстандықтардың 71% дауыс беруді азаматтық борыш деп санайды

Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуды қазақстандықтардың 70% -дан астамы өздерінің азаматтық борышы деп санайды. Бұл - Еуразиялық интеграция институты зерттеуінің нәтижесі. Зерттеу барысында Қазақстанның 17 облысы, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 4 мың адамнан сауалнама алынды. Респонденттердің көпшілігі Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды қолдайды. Алдағы дауыс беруге қызығушылық жоғары. Респонденттердің 68%-ы Құрылтай сайлауын оң өзгерістің бастауы деп біледі. Сауалнамаға қатысушылардың 43%-дан астамы жаңа сайланған депутаттар азаматтардың мүдделерін тиімді қорғайды деген сенімде. Зерттеу электоралдық белсенділіктің өсуі мен биліктің ашықтығына, экономикалық дамуға және нақты өзгерістерге қоғамдық сұранысты айқын танытты. Бұл ретте сауалнамаға қатысқандардың 78%-дан астамы сайлаулар мен референдумдарда дауыс беруге тұрақты түрде қатысатынын хабарлады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?