«Деректерді өңдеу орталықтары алқабының» жылдық кірісі 3 млрд долларға жетуі мүмкін

«Деректерді өңдеу орталықтары алқабының» жылдық кірісі 3 млрд долларға жетуі мүмкін

Қазақстанға Екібастұзда салынып жатқан «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жыл сайын 3 млрд доллардан астам кіріс әкелуі мүмкін. Ауқымды жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. 2029 жылға қарай кешеннің жалпы қуатын 1 гигаватқа жеткізу межеленген. Қазір 2 орталықтың  құрылысы жүріп жатыр. Алғашқысында іргетасын қалау, инфрақұрылымдық ғимараттар салу жұмыстары басталды. Ал екінші орталықтың құрылыс алаңында қазаншұңқыр қазу жұмыстары аяқталуға жақын. Екі нысан да келесі жылы іске қосылады. Кейін мамандар үшінші орталықтың құрылысына кіріседі. Жобаға шетелдік инвесторлар тартылуда. Бірқатар халықаралық компаниямен алдын ала келісім жасалған. Сарапшылардың болжамынша, 20 жыл ішінде инвестиция көлемі 115 млрд долларға жетуі мүмкін. Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты мемлекеттік органдарға құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, нысандарды қажетті электр қуаты және инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етуді тапсырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?