Сайлаушылар тізімін онлайн тексеруге болды

Сайлаушылар тізімін онлайн тексеруге болды

Қазақстанда 7 тамыздан бастап сайлаушылар тізімін онлайн тексеруге болды. 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына дейін қазақстандықтар алдын ала қай сайлау учаскесінде дауыс беретінін біле алады. Бүкіл ел бойынша тиісті ақпарат жиылған электрондық сервистер іске қосылды. Өзіңіз туралы деректі тексеру үшін сайттардың біріне кіріп, өз өңіріңізді таңдап, ЖСН енгізу жеткілікті. Жүйе бірден учаскенің нөмірі мен мекенжайын көрсетеді. Ақпаратты eGov Mobile қосымшасының «Танымал қызметтер» бөлімінен немесе арнайы QR-кодтардың көмегімен тексеруге болады. Егер тізімде тиісті деректер болмаса, оларды нақтылау үшін тұрғылықты мекені бойынша учаскелік сайлау комиссиясына жүгіну қажет.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?