Қазақстан энергетикалық әлеуетін нығайтып келеді

Қазақстан энергетикалық әлеуетін нығайтып келеді

Қазақстан ұлттық энергетикалық жүйесін нығайтуда. Осы бағыттағы негізгі жобаларды іске асыру барысын Премьер-министр KEGOC және «Самұрық-Энерго» басшылығымен өткен кеңесте талқылады. Бұл ретте Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің оңтүстік аймағының электр желісін күшейту бастамасы бар. Ол Алматы – Жамбыл – Шымкент транзитінің өткізу қабілетін 440 МВт-қа арттырады. Оны пайдалануға беру мерзімі 2027 жылдың шілдесіне жоспарланған. Батыс Қазақстанның энергетикалық жүйесін де елдің бірыңғай электр желісіне қосу көзделген. Бұдан бөлек озық технологияларды енгізуге басымдық беріліп келеді. Мәселен, жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді қолдану жыл сайын 5,5 млрд теңге шамасында қаржылық әсерді қамтамасыз етеді. Ал электр станцияларының жұмысын автоматты реттеу тағы 4 млрд теңгеге жуық үнемдеуге мүмкіндік береді. Іске қосылған AI-KEGOC интеллектуалды платформасы электр энергиясын өндіру мен тұтыну көлемін бір тәулік бұрын болжайды. Ал цифрлық мониторинг жүйелерінің арқасында «Солтүстік – Оңтүстік» энергетикалық көпірінің өткізу қабілеті 250 мегаватқа артты.  

Нәби Айтжанов, КЕGОС АҚ басқарма төрағасы:

-   Жасанды интеллектіні қолдану энергия теңгерімін болжау дәлдігін 98% дейін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл ретте жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр қуаты да ескерілген. Сонымен қатар, автоматтандыру нәтижесінде жиілікті реттеу жүйелерінің әрекет ету уақыты 30 минуттан 1 секундқа дейін қысқарды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?