ОСК: сағат 14:00-де сайлаушылардың 53,12% дауыс берді

ОСК: сағат 14:00-де сайлаушылардың 53,12% дауыс берді

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Астана уақытымен 14:00-дегі жағдай бойынша ел азаматтарының 53% астамы дауыс бергенін хабарлады. Осылайша, бір палаталы Құрылтай сайлауында 6 миллион 696 мыңнан астам тұрғын азаматтық ұстанымын танытты. Ең жоғары белсенділік Қызылорда облысында тіркелді. Өңір тұрғындардың шамамен, 64%-ы дауыс беріп үлгерген. Бұл көрсеткіш Абай облысында 63%-дан асса, Жетісу облысында 62,89%-ды құрады. Сайлау учаскелері жұмысын жалғастыруда, азаматтардың келу қарқыны бойынша ақпарат күні бойы жаңартылып отырады.


Шавхат Өтемісов, ҚР ОСК хатшысы:

- Жалпы еліміз бойынша, 6 696 002 сайлаушы билютень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 53,12 пайызын құрайды. Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305 учаскеде дауыс беру аяқталды. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысу туралы келісі ақпарат, сағат 16:00-ге беріледі.   

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?