Қазақстанның барлық өңірлерінде Абай күні аталып өтілуде

Қазақстанның барлық өңірлерінде Абай күні аталып өтілуде

Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай Семейдегі ұлы ақынның атындағы музейде ойшылдың бұрын-соңды ешкімге көрсетілмеген құжаттары мен құнды қолжазбалары көпшілік назарына ұсынылды. «Абай дәуірі: құжаттар мен естеліктер» көрмесінде ақынның қоғамдық қызметіне қатысты тың деректер мен тарихи жәдігерлер топтастырылған. Олардың қатарында ақынның кісе белбеуі, шапанының көшірмесі мен тоғызқұмалақ тақтасы бар. Сондай-ақ көрмеден Абай шығармаларының 10 томдық жинағын да көруге болады. Бұдан бөлек, Абай әулетінің хаттары, ақынның өзге тұлғаларға жолдаған жазбалары және сол дәуірді көзімен көрген адамдардың естеліктері бар.

Бұлбұлназ Уахметова, «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының бөлім меңгерушісі:

- Абай заманында Абайдың көзі көрген Абай туралы естелік жазған оның талантты досы шәкірті Көкбай Жанатайұлының, Абайдың ұлы Тұрағұл Абайұлының әкем Абай туралы естелігі және де Әрхам Кәкітайұлының Абайдың өмір жолы, Ахат Шәкәрімұлының, Ниязбек Алдажаровтың музей қорындағы құнды қолжазбалары мен естеліктері көрме залына алғашқы рет ұсынылып отыр.

Павлодар қаласында хәкімнің шығармашылығын дәріптеу үшін әдеби эстафета басталды. Үлкен шаралардың бірі облыстық әмбебап ғылыми кітапханада өтті. Абай өлеңдерінің философиясы талқыланып, соңғы зерттеулер таныстырылды. Жастар «45 қара сөздің» трактовкасын жасап, сайысты.

¤

¤Медет Тауасқан, Павлодар облыстық  мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы: 

- Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріндегі бар жиып тергендегі мағына елдің ертеңі үшін, елдің болашағы үшін өсіп келе жатқан, өскелең ұрпаққа сол бір сөздер арқылы тәрбие беру. Абайдың кемел адам деген бір ауыз сөзінде тұрса керек.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?