Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапары басталды. Оның аясында Қазақстан Президентінің Берлинде ГФР Президенті және Федералдық Канцлермен келіссөздер жоспарланған. Тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады. Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Президент Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

