«Әділет» партиясы Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша міндеттерді айқындады. Алдағы бір айда еліміздің барлық өңірінде 3 мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарлануда. Кездесулерде Мемлекет басшысының басталамары тұрғындар арасында талқыланады. Мақсат - Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндірумен қатар, азаматтармен ашық диалог орнату. Ауқымды заңнамалық жұмыста жүргізіледі. Партия фракциясы сарапшылармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, жаңа Азаматтық кодексті әзірлеуге, салық заңнамасына өзгерістер енгізуге және шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий жариялау мәселесін пысықтауға кіріседі. Кеңейтілген отырыста «Халықтық құрылыс» бастамасын жүзеге асыру мәселесі де талқыланды. Құрылтай төрағасы әрі «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай бұл іске партия құрылымдары қандай үлес қосатынын айтты.
Айбек Дәдебай, ҚР Құрылтайының төрағасы, «Әділет» партиясының төрағасы:
- Ең бастысы құрылыс жұмыстары халықтың нақты қажеттіліктеріне сай жүргізілуі керек. Сондықтан тұрғындардың ұсыныстарын жинап, жобаларды жоспарлау және іске асыру барысын да ескеруіміз керек. Сонымен қатар, партия жанынан партиялық бақылау комитеті құрылып, оның өңірлік және аумақтық комиссиялары жұмысын бастады. Комитет бақылау тетіктерін нақты нысандар деңгейінде де күшейтуі тиіс. Құрылыс нысандарында партиялық бақылау бекеттерін ашып, олардың жұмысын жүйелі жолға қоюымыз керек. Бірақ кедергі жасамау керек құрылысқа.

